×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

ФСБ бастығы «Крокустағы» теракт үшін Украинаның арнайы қызметін айыптады

26.03.2024, 17:07
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ - ФСБ) директоры Александр Бортников Украинаның барлау агенттіктері "Крокус Сити Холдағы терактқа ықпал етті, ал ол терактты радикалды исламистер дайындады" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Украинада "террористерді күткен" деген ақпарат пысықталып жатыр. Қазір осы қырғынға қатысқандардың бәрін анықтау үшін жұмыс істеліп жатыр. Ресейде, шетелде жүргендерді де анықтау ісі бар. Террористер қашса, демек құтылып кетпек болған. Мен бір құпияны ашайын - ол жақта бұларды батырлардай күткен. Менің бұл айтқаным, қалай айтсам - солай жетсін, – деген Бортниковтың сөзін Ресей БАҚ-тары таратып жатыр.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның «Крокус Сити Холл» кешеніндегі террористік шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеген еді. Батыс елдері де “Крокустағы” оқиға Украинадағы соғысты үдетуге себеп болмауы керектігін Ресейге ескерткен.

Мәскеудегі теракт

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары