×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Ашуға басып үстелді төңкеріп тастады»: Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың отбасылық өмірі жайлы айтты

29.03.2024, 12:39
Астана соты

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев арасындағы алғашқы отбасылық жанжал 2022 жылдың 14 желтоқсанында Гастро-орталықта өткен үйлену тойынан кейін-ақ болған. Бұл туралы бүгін сотта марқұмның ағасы Айтбек Амангелді айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Үйлену тойы 14 желтоқсанда сол Гастро-орталықтың екінші қабатында болды. Білуімше, олардың алғашқы жанжалы үйлену тойынан кейін-ақ болған. Салтанаттың айтуынша, "Бао" мейрамханасының қызметкерлерімен Бишімбаев өте дөрекі түрде сөйлескені үшін Салтанат оған ескерту жасаған. Жанжал содан басталған, - дейді марқұмның ағасы.

Ол сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында болған оқиға туралы айтты. Сөзінше, Айтбек Салтанат пен Қуандықтан жаңа жыл кешін бірге атап өтуге шақырту алған.

– Кешкі сағат 10-да оларға туыстары қонаққа келді. Ол сотталушы Бақытжан мен оның әйелі еді. Қонақтар Салтанат пен Қуандықтың отбасына жаңа жылдық сыйлық әкелді. Салтанат оларға да сыйлық беруді жөн деп шешкен. Салтанат Қуандықтан жаңа жылға бір сыйлық алған. Қуандыққа өзі сағат 12-ден кейін иіссу сыйлағысы келген. Алайда өзінде (Бишімаевтың өзінде) жеткілікті деңгейде иіс суы барын ескеріп, қонақтар жауап ретінде сол иіс суды сыйға тартқан. Қонақтар кеткеннен кейін Қуандық "менің сыйлықтарымды беруге қандай құқықтарың бар, оларды мен сатып алдым, беру-бермеуді мен шешем" деп жанжалды бастаған. Дөрекі сөйлеген. Ата-анасы оған ескерту жасады. Алайда ол ата-анасына араласпаңдар деп, өте дөрекі түрде жауап берді. Әкесіне: "бәріне сен кінәлісің, менің бүкіл өмірімді құрттың, анамның өмірін құртың" деді. Анасы да оны тыныштандыруға тырысты, бірақ ол анасына да өте дөрекі түрде жауап берді, - деп жанжалды еске алады Айтбек Амангелді.

Жаңа жылдың басталуына 15 минут қалғанда Бишімбаев пәтерден шығып кеткен.

– Жаңа жыл да жетті, сағат он екі. Шыршаның астында үш балаға арналған сыйлық жатыр еді. Балалар оны көріп қойды. Ересектер оларды алуға рұқсат берді. Олар сыйлықтар алып, аша бастады. Осы кезде Қуандық кіріп келді. Ол берген сыйлықтарын оның рұқсатынсыз балалар алғанын көріп, тағы ашуға басты, - деді Салтанаттың ағасы сотта.

Бишімбаевтың кезекті жанжалынан кейін ол пәтерден шығып кеткен. 1 қаңтарда Салтанатпен сөйлескен Айтбек Қуандықтың сол түні үстелді төңкеріп тастағанын естігенін айтты.

– 1 қаңтарда біз Салтанатқа қоңырау шалдық, мен “бәрі аяқталды ма?” деп сұрадым. Салтанаттың айтуынша, Қуандық үстелді барлық ыдыс-аяғымен, тамағымен, үстел басында отырған адамдарға қарамай төңкеріп тастаған, - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары