Астана сотында бизнесменге және Қайрат Сатыбалдының туысына қатысты іс қарала бастады.
Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бабы бойынша айып тағылған. Сот онлайн форматта өтеді.
Сотталушы алты жылдық жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен сотқа онлайн режимде қатысып отыр.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол "Қазақтелеком" мен “Көлік сервис орталығы" компаниясынан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған болатын.