×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бізді бөлек отырғызыңызшы»: сотталушы Байжанов ағасы Бишімбаев өзіне қысым көрсеткенін айтты

03.04.2024, 16:08
«Бізді бөлек отырғызыңызшы»: сотталушы Байжанов ағасы Бишімбаев өзіне қысым көрсеткенін айтты
Фото: Ulysmedia.kz

Астанада «әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді»  деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін түстен кейінгі сотта сотталушы Бишімбаевтың бауыры – Бақытжан Байжанов экс-министр өзіне қысым көрсетіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байжановтың базынасы

Сот отырысы басталар алдында Байжановтың адвокаты Бишімбаев пен Байжановты жеке отырғызуға бола ма деп сотқа өтініш жолдады.

– Бишімбаевтың Байжановқа жүгінерлік, бірдеңе айтатындай мүмкіндігі болмаса екен дейміз. Байжанов соны сұрап отыр. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп отыр деп есептейді. Екеуі жаңа айтысып қалды, – деді адвокат судья Көлбаеваға өтініш жолдап.

Адвокаттан кейін сөз сөйлеген Бақытжан Байжановтың өзі алдыңғы айтылғанды растады.

– Иә, ол маған әрдайым қысым көрсетіп, жауап берген кезде “осылай деп айт” деп мазамды алып отыр, – деді Байжанов.

Судья Айжан Көлбаев мәселе қаралатынын айтты.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.