×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тасқын: Су басқан үйлердің саны қанша?

03.04.2024, 23:39
Коллаж: ulysmedia.kz.

3 сәуірде вице-премьер - ТЖМ дағдарыс орталығында Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен жиын өтті. 3 сәуірдегі деректерге сәйкес елдегі су тасқыны ахуалы әлі де күрделі, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 аймақта 1 364 жер үйді су басып, авто көлік жолдарының 105 бөлігін су шайып жатыр.

Жиын барысында тасқын барысын бақылау шаралары талқыланды. Су басқан аймақтардан тұрғындарды көшіру жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте 1 524 адам құтқарылған. Олардың 496-ы бала. Су қоймаларында мұз кептеліп қалмасы үшін мұз жару жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ бүлінген жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру шаралары да қолға алынған. Су құрсауында қалған шалғай ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге де басымдық беріліп отыр. 

Су тасқыны ахуалын бағалау үшін Қарағанды, Қостанай және Ақмола облыстарын әуеден бақылау жұмыстары жүргізілді. Бірқатар аймақта жағалауларды бекітіп, алдын алу шаралары қолға алынса, өзгелерінде тасқыннан келген шығын есептеліп жатыр. 

Республикалық штаб жетекшісінің орынбасары әкімдіктерге су басқан аймақтардан тұрғындарды уақытында көшіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолға алуды тапсырды. 

Бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарының кейбір аудандарында төтенше жағдай жарияланғаны туралы хабарланған.

Ал премьер-министр Олжас Бектенов өз ісіне салғырт қараған шенеуніктердің әрекетін тексеру бойынша бас прокурормен сөйлескенін мәлімдеген болатын

Серіктес жаңалықтары