×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қуандық Бишімбаевтың анасы тағы бір адвокаттың үстінен шағым түсірді

05.04.2024, 09:06
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бұл жолы үстінен шағым түскенін адвокат Анна Чернова жазды. Кеше әлеуметтік желіге Альмира Нұрлыбековадан шағым түскенін белгілі адвокат Джохар Өтебеков жазған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Менен бөлек тағы екі әріптесіме арыз жазған

Альмира Нұрлыбекова адвокаттың үстінен шағымды республикалық адвокаттар алқасына түсірген.

– Менің үстімнен шағым келіп түсті. Ол арызда менің тағы екі заңгер әріптесім бар. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ауыр тисе керек. Анасы жазғанымен, артында маған ренжіген басқа біреу тұрған сияқты. Мүмкін, өзінің процессуалдық әлсіздігін сезінетін адам. Олардың атына құрметсіз, қорлау, жеккөру мен қарғыстың бәрі менен емес. Бүкіл ел алдымен Ерғалиевамен масқара сұхбатын көрді, енді оны істің нақты жағдайларымен салыстырады. Біз оларды сол жерде тілінен тартқан жоқпыз, солай ма? Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз,  – деп жазды  Анна Чернова әлеуметтік желіде.

Өтебековке жазылған арыз

Кеше әлеуметтік желіде адвокат Джохар Өтебеков әлеуметтік желіге өз атына Бишімбаевтың анасы шағым түсіргенін жазған еді. Өтебеков оның алдында Бишімбаевтың адвокаттарының сұрақтарын сынға алған. Өтебеков Бишімбаевтар осы үшін ренжіп қалғанын жазады. 

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары