×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Уақытша орналастыру пункттеріне 990 бала көшірілді

07.04.2024, 11:58
иллюстрациялық сурет

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше су тасқыны басқан өңірлерде 1 мыңға жуық бала уақытша орналасу пункттеріне жеткізілген, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Балаларға медициналық көмекке келетін болсақ, уақытша орналастыру пункттерінде 990 бала бар. Дәрігерлер үнемі тексеріп, әр баланың денсаулығын бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ барша медицина қызметкері алдағы уақытта да халқымыздың денсаулығы үшін жұмыс істеп, қиын-қыстау кезеңде мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетуді жалғастыра бермек», - деді министрліктің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, санитарлық-эпидемиологиялық мәселе де ведомствоның тұрақты бақылауында. Сумен жабдықтау нысандары, кәріздерге және зираттарға мониторинг күшейтілген.

Серіктес жаңалықтары