×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Олжас Бектенов Құлсары тұрғындарымен кездесті

07.04.2024, 13:35
Ulysmedia

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құлсарыға барып, су тасқыны жағдайын тексеріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексерді. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.

«Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты» — делінген хабарламада. 

Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр.

Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. Осы уақытқа дейін 28 551 адам эвакуацияланған.

 

Серіктес жаңалықтары