×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Өлтіру үшін соққан жоқпын»: Бишімбаевқа «айыпты мойындайсыз ба» деп тағы сұрақ қойылды

08.04.2024, 15:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Судья Айжан Көлбаева Қуандық Бишімбаевтан Салтанат Нүкенованы азаптап, аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен келісесіз бе деп сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаевтың жауабы

– Мен кінәні мойындамаймын, мен ешқашан Салтанатты азаптаған емеспін, – деді Бишімбаев судьяның "азаптау фактісін мойындайсыз ба?" деген сұрағына жауап беріп.

Судья айыптаудың екінші эпизоды бойынша сұрақ қойды:

“Екінші эпизод бойынша, кісі өлтіру, сот жазбанына, іс материалдарының бір бөлігі зерттелгеніне, куәгерлердің бір бөлігінен жауап алынғанына қарамастан, сіздің ұстанымыңыз бұрынғыша қала бере ме?" деп сұрады судья.

– Мен оның өліміне кінәлімін. Мен мұны сезінем, өзімді кінәлі сезінем. Мен қасақана, аса қатігездікпен кісі өлтіру деген айыпты мойындамаймын. Бірақ оның өлімінде менің кінәм бар, мен оны мойындаймын. Менің әрекеттерім оның өліміне себеп болды. Мен қатты өкінем, өзімді кінәлі сезінем. Бірақ оны өлтіргің келді, қасақана, аса қатыгездікпен, оны азаптадың дегенмен келісе алмаймын. Иә, ұрдым, иә, жарақаттадым, бірақ оны өлтіру мақсаты болған жоқ. Мұндай салдар апарып соғады деп ойламадым, - деп жауап берді Бишімбаев.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары