×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Айка» тізімін Антикор әлі тергеп жатыр

10.04.2024, 13:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атышулы «Айка» тізімі бойынша істі қоса тергеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

–Қылмыстық іс Астана қаласының полиция департаментінде тергеу деңгейінде. Қазір осы іс бойынша фактілердің бәрі тексеріліп жатыр. Оның нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз, – деді антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров.

Бұған қатысты Сәденов пен Есқараев не деді

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың атышулы «Айка» тізіміне байланысты сұраққа берген жауап берген болатын. 

Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз, - дейді Ержан Саденов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ журналистер Әділет министрі Азамат Есқараевқа да әйгілі «Айка тізімі» жайлы сұрақ қойды. Сөзге сараң министр бұл сұраққа келгенде де жарытып ештеңе айтқан жоқ.

Жезөкшелікті заңдастыру туралы мәселе көтерілген жоқ. Құпия ақпараттардың таралуына келсек, БАҚ-та жарияланғандай ішкі істер министрлігі тиісті жобаларды қарастырып жатқанға ұқсайды, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары