×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

4 облыс әлі «қызыл» аймақта тұр

02.11.2021, 08:27
4 облыс әлі «қызыл» аймақта тұр
Фото: Ашық дереккөзден

Коронавирустың таралуына қарсы ВАК 2 қарашадағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

Матрицаға сәйкес, «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. Ал «жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары бар.

2 қарашадағы мәлімет бойынша елде 45 777 адам коронавирус инфекциясынан (40 102 КВИ+ және 5 675 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 268 пациент стационарда болса, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 540 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр. 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның І компонентін 8 320 106 адам, ІІ компонентін 7 527 397 адам салдырған.