×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Әнші Балжан Бидаш пәтерден-пәтерге көшіп жүргенін айтты

10.04.2024, 16:26
Әнші Балжан Бидаш пәтерден-пәтерге көшіп жүргенін айтты
Фото: instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш пәтерден-пәтерге көшуден шаршағанын, өз үйінің болғанын армандайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Instagram-парақшасында заттарын жинап жүргенін көрсетіп, тағы да жалдамалы пәтерге көшіп жатқанын жеткізді. 

Пәтер қарауға келдім. Қашан менің өз пәтерім болады екен?! Алматыға келгелі көшіп жүрмін. Киімдерімнің өзі 5-6 чемодан болып тұр. Ағам үнемі көшіріп жүреді. Шаршаған да шығар. Мен де өзімнің үйім болғанын армандаймын, – деді әнші.