×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бишімбаев маған жедел жәрде қызметін шақыруға тыйым салды – Байжанов

11.04.2024, 13:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бақытжан Байжанов сотта қайғылы оқиға болған күні сағат 15.30 шамасында Қуандық Бишімбаевқа әл үстінде жатқан Салтанатқа жедел жәрдем қызметін шақыруды сұрағанын айтты. Алайда сотталушының сөзінше Бишімбаев оған тыйым салған, деп хабарладйы Ulysmedia.kz.

– Шамамен 15.20 қайтып келіп, екінші қабатқа көтерілдім. Осы уақытта Бишімбаев ортақ залда болды, мен оған көгерген жерге жағатын кремді бердім, ол бұл кремді алып, кабинаға кірді. 3-4 минуттан кейін шықты. Мен одан Салтанат оянды ма деп сұрадым. Ол жоқ, оянбай жатыр деп жауап берді. Содан кейін мен жедел жәрдем шақыруды ұсындым. Ол қажет емес екенін айтып, нашатыр әкелуді өтінді, - деді Байжанов.

– Бұл мен біраз уайымдай бастаған алғашқы сәт болды. Осы уақытқа дейін мен оған көп мән бермедім, ол түні бойы ұйықтамай, олар ішті деп ойладым, - деді сотталушы.

Адвокатының сұрағына берген жауабында "Бишімбаев маған жедел жәрдем қызметін шақыруға тыйым салғанын" айтты.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары