×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Салтанат Бишімбаевты аяймын дейтін»: Байжанов марқұммен әңгімесін еске алды

11.04.2024, 14:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сотталушының айтуынша, Салтанат Нүкенова тәрбиелі, көрген сайын амандық сұрасатын, керемет адам болған. Экс-министрдің сотында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов адвокаттардың сұрақтарына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаевтан неге кете алмадыңыз?

– Сараптаманы көрдім. Материалдарды танысқанда ол фотоларға да қарай алмадым. Өйткені ол қорқынышты суреттер еді. Таңертең кірген кезде мен берген алжапқышқа ораулы болды. Жалаңаш болды. Көтерген кезде алжапқыш түсіп кетіп жатты. Вибкадан шығуға асықтым. Жалаңаш жатқан әйел, жанында күйеуі тұр. Көзі ісіп кеткенін көзімнің қиығымен көрдім, - дейді Байжанов.

Сотталушыдан адвокаты «Бишімбаевтың мінезі ауыр екенін біле тұра оған неге жұмыс істедіңіз?» деп сұрағна.

– Ер азамат болғаннан кейін жұмыс істеу керек. Бала-шағамды асырау керек, - деді ол.

Байжанов Салтанатпен қарым-қатынасы жақсы болғанын айтады.

– Салтанат «біз Шымкентке бардық, Алматыға бардық. Екі жерде де көп ұрсыстық. Содан кейін ажырасамыз деп шештік» деді. Сол кезде Салтанатқа «көп ұрсыса берсеңіздер неге кетпейсіздер?» деп сұрадым. Салтанат «Бишімбаев ұрысқан, ұрған сайын кешірім сұрайды, сол үшін мен оны аяймын» деді, - деп еске алды Байжанов.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары