×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Біреуді соттай алмаймыз деді»: Бишімбаев сотында алқа биліктен діни көзқарасы үшін бас тартқандар болған

12.04.2024, 16:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова «Дөп сөз» you-tube арнасына берген сұхбатында алқа билер сотта қалай іріктелгенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Олар істен сырт қалуды сұрады»

«Бүгін біз айтып отырған істе алқа билерді іріктеген кезде үміткерлердің көбі Ислам дініне сай, қандай да бір әрекеті үшін біреуден кінәрат іздеуге болмайтынын айтты. Сол себепті олар біреуді соттай алмаймыз деп есептейді. Олар діни сенімі бойынша олар осы істен сырт қалуды сұрады», - дейді Жанна Оразбақова.

Адвокаттың сөзінше, жалпы алқа биілктен сырт қалудың негізді және негізсіз себептері болады.

«Мәселен, бір шағын қалада қылмыс болса, Бостон терактісі мысалымен алып қарайық: сотталушы «мені Арқалықтың тұрғындары соттағанын қаламаймын» деуі мүмкін. Арқалықтың тұрғындары болса, әлбетте бұл негізді сырт қалу. Құрбан болған адам Арқалықтан болса, жерлестікке салып, әділ шешім шықпауы мүмкін. Мәселен, балаға қатысты сексуалды сипатта қылмыс жасалуы мүмкін. Сотталушы «жасы 5 немесе 6-ға дейін баласы бар алқа билер қол көтерсін» деуі мүмкін. Сотталушы осындай жағдайда «қолын көтерген адамдар маған қарсы пікірде болады, сол себепті мен олардың осы істен сырт қалғанын қалаймын» деуі мүмкін. Бұл негізді сырт қалу», - дейді ол.

Көп адамның алқа би болғысы жоқ

Адвокат соңғы қалған 17 алқа бидің ішінде үшеуін сотталушы негізсі сырт қалдыруы мүмкін екенін айтады. Яғни, еш түсіндірмей шығара алады. 12 адам қалса, олардың екеуі қосымша болады. Негізгі 10-ы алқа билікке қатысады. Себебі алқа билердің кейбірі келмей қалуы мүмкін екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Жанна Оразбақованың айтуынша, алқа билікке көп адам келісе бергісі келмейді. Түрлі сылтау табуға тырысады. Бірі «жолдасым мемлекеттік қызметкер сол себепті ұзақ бір жерде отыра алмаймын» десе, екінші адам «маған бір жерде ұзақ отырудың өзі мұң» деп шығуы мүмкін. 

Алқа билерге судьяға төленетін ақшаның жартысы төленеді. Сонда да жағымсыз жайтқа тереңдегісі, мәселен, мәйіттің фотосуретін, түрлі сараптаманы, видеоларды көргісі келмейтін адамдар алқа билер қатарына қосылғысы жоқ.

Бишімбаевтың сотындағы алқа билер

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сот процесін ашық режимде әрі алқабилердің қатысуымен жүргізуді талап еткен еді. 12 наурызда өткен алдын ала тыңдауда судья Айжан Көлбаева Қуандық Бишімбаевтың алқа билерді қатыстыру жөнінде өтінішін қанағаттандырыпБишімбаевтың тағдырын алқа билер шешетін болды. 27 наурызда алқа билер құрамына 12 адам енді: олардың 10-ы негізгі, екеуі қосалқы

Судья Көлбаева сот залына кірген журналистерден алқа билерді фото немесе видеоға түсіруге тыйым салған. Алайда 9 сәуірде осы талап бұзылып, телеарналардың бірінен алқа билердің түр-әлпеті көрсетіліп кеткен. Судья бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары