×
442.85
480.32
4.94
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.85
480.32
4.94

«Сот біржақты өтіп жатыр»: Бишімбаевтың адвокаты судьямен тағы айтысып қалды

17.04.2024, 11:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья бұған дейін өзіне сотты құрметтемегені үшін шығарған қаулыға қарамастан Айжан Құлбаевамен тағы да айтысып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғазымжановтың базынасы

Сәрсенбіде өтіп жатқан сотта адвокат Ғазымжанов Салтанаттың досы Ахмединаны сотқа қайта шақырып, оның телефонын тексеру жөнінде өтініш білдірді.

Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырмады, жауап ретінде Ғазымжанов судьяның атына тағы да сын айтты.

– Мен сіздің әрекеттеріңізге қарсылық білдіруге мәжбүрмін, өйткені сіз процесті біржақты жүргізіп жатырсыз. Сіз мемлекеттік айыптаудың кішігірім өтініштеріне дейін қанағаттандырасыз, сонымен бірге біздің дәлелді өтініштерімізден бас тартасыз. Мен сіздің әрекеттеріңізге қарсылық білдіруге мәжбүрмін, - деді Ғазымжанов.

Судья оған бүкіл ел алдында айып таққаны үшін ескерту жасады.

– Қорғаушыға тағы ескерту жасалады. Ол Ахмединаның ұялы телефонды тексеру хаттамасын тексеру жүргізген қызметкер бұрмалаған деп айтып отыр. Егер сізде сенімді деректер болса, оны сотқа дәлел ретінде келтіріңіз (...) Егер олар ақылға сыймайтын болса, онда сіз өз дәлелдеріңіз үшін кейінірек жауап беруіңіз керек, өйткені сіз бүкіл ел алдында тергеуші қылмыстық іс материалдарында бар құжатты бұрмалаған деп айтып отырсыз, - деп атап өтті судья.

Ғазымжанов тоқтамалы. Судья өзін "қорқытып отыр" деп жайып салды.

– Сіз қорғаушының қылмыстық іс бойынша сотта сөйлеуге және кез келген дәлелге күмән келтіруге құқығы бар екенін білесіз. Бұл үшін мені қудалаудың қажеті жоқ. Қорғаушыны үнемі қорқыту жағдайында қалдырып отырсыз. Демек, әділетсіз сот ісін жүргізіп жатырмыз, - деді адвокат.

Адвокаттың барлық қарсылықтарын судья қабылдамады, сот процесі жалғасты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Ғазымжанов судьяның атына бірнеше рет ескерту жасаған, сондай-ақ оған қарсылық білдірген, тиісті қаулы қабылдаған.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары