×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еліміздің үш өңірінде діни экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды

19.04.2024, 14:36
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм ұйымдастырды деген күдікті адамдарды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп айыпталып отыр. 

Тұрғылықты жерін тінтігенде көптеген діни әдебиет пен басқа да заттай дәлелдеме алынған. 

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын сот шешеді, - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Серіктес жаңалықтары