×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тәжікстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Түркістанға жетті

20.04.2024, 17:57
Ашық дереккөзден

Су тасқыны зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, сондай-ақ 15 фура гуманитарлық көмек келіп жетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары тиелген вагондар Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына жетті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министрі Батырбек Абдышев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан Республикасының өкілдерін күтіп алды.

Сонымен қатар, аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, қиын қыстау кезде көмек беріп, қолдау білдірген Тәжікстан халқына алғыс айтты. 

Естеріңізге салсақ, бүгін Өзбекстаннан да гуманитарлық көмек келген болатын.

Серіктес жаңалықтары