×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Дәрігерлерге «ковидті» үстемақы төленбей жатыр

03.11.2021, 15:56
Фото: Ашық дереккөзден

Инфекциялық бөлімшелерде жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы берілмей жатыр. Осылай деген мәжілісмен Зарина Қамасова үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, қыркүйек айында медицина қызметкерлерінің айлығына 1 қазаннан бастап үстемақы төленбеген. Оның орнына денсаулық сақтау министрлігі жұмыста шеккен зияны үшін қосымша ақы белгілеуді уәде еткен. Алайда шын мәнінде, тіпті қыркүйек айы бойынша дәрігерлерге «ковидті» үстемақы төленбей жатыр.

«Адамдар ауыр жағдайда жұмыс істейді. Біз мұны түсінеміз. Ковидті ауруханаларға жүктеме жоғары әлі көп. Сондай-ақ, аурудың ағымы өзгергенін де ескеру қажет: инфекцияның жаңа штамдары пайда болды, инкубация кезеңі қысқарды, жас және орта жастағы адамдардың індет жұқтыру көрсеткіші артып барады. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын қиындатады. Соған қарамастан олар тиісті жалақы алмай отыр», - дейді депутат.

Зарина Қамасова ковидті стационарларда еңбек ететін қызметкерлерге ары қарай төлем жүргізу тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық құжат жоқ.

«Бұған кім кінәлі? Неге соңына дейін осы мәселені созып отыр? Жоғарыда аталғандардың барлығы медицина қызметкерлері арасында да (дәрігерлердің, медбикелердің, санитарлардың кадр тапшылығын қалыптастыру және кетуі), сондай-ақ ауруханаға түскен өз туыстарының тағдырына алаңдаған, персоналдың жетіспеушілігінен сапалы медициналық көмек алмау қаупіне ұшыраған халық арасында әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздануына алып келеді. Себебі ақысыз демалысқа шығару жағдайларына байланысты ақ халаттылардың кейбірі жұмыстан кетуді ойластырып жатыр», - дейді ол.

Осыған байланысты депутат коронавирусқа қарсы жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу туралы үкімет қаулысының жобасын тезірек әзірлеуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары