×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«Боссың ба»: Бишімбаев Салтанат өлер алдында басқа әйелдермен хат жазысып отырған

23.04.2024, 13:33
Коллаж: ulysmedia.kz.

Салтанат Нүкенованың жағдайына байланысты жедел жәрдем қызметін шақырудан бірнеше минут бұрын сотталушы Қуандық Бишімбаев WhatsApp-та әйелдермен қатар хат-хабар жазысып отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзара хат алмасқан сәтте не жазылған

Жедел жәрдем қызметіне 9 қараша сағат 19.55-те қоңырау шалынған. 

Сағат 19.28-де абонент Гүлнар Насырбекова WhatsApp арқылы Бишімбаевқа:

«Айтпақшы, сенің үстіңнен раушан иісі бұрқырап тұр» деп жазады. 

Еске сала кетейік, Бишімбаев түскі ас кезінде Гүлнар Насырбековамен бірге Bau мейрамханасындағы көршілес вип-кабиналардың бірінде кездескен. Бұл кезде Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан.

Сағат 19.07-де Бишімбаев «Юлия супер» деген абонентке:

«Қалың қалай?» деп жазады. 

«Юлия супер» оған:

«Сәлем. Бәрі жақсы. Өз қалың қалай?» деп жауап береді. 

Сағат 19.24-де Бишімбаев оған:

«Не істеп жатырсың? Боссың ба?» деп сұрайды.

Сағат 19.36-да Юлия оған:

«Тырнағымды жасаттым. Нешеде?» деп жауап береді. 

Жәбірленуші жақтың адвокаты Жанна Оразбақова процеске қатысушылардың назарын сағат 19.17-де Бишімбаев Шымкенттен келген көріпкелге қоңырау шалып, Салтанаттың жай-күйіне алаңдағанын және сонымен бір уақытта "басқа әйелмен емін-еркін хат жазысқанына" аударды.. 

«Бұл менің Салтанаттың шын жайы не болғанын білмегенімді растайды», - дейді Бишімбаев. 

Ол «Юлия супер» деген кім екенін, не себепті оның бос екенін сұрағанын айтпай қойды.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары