×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Өрт басталып кетті. Алматы облысында төрт тәуліктен бері дала өртін сөндіре алмай жатыр

23.04.2024, 19:23
ҚР ТЖМ телеграмм арнасынан

Алматы облысы, Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Елді-мекендерге қауіп жоқ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше елді-мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Өрт ошақтарына әуеден тікұшақпен 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілген.  

“Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге  орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.” - деп хабарлады ТЖМ. 

Қатты жел тиындық туғызып жатыр

Бірақ тілсіз жаумен күресте құтқарушыларға табиғи салдарлар кері әсер етіп жатыр. Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда. 

“Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.” деді ТЖМ телеграмм арнасы. 

Бұған дейін

Осы өрттен бірнеше апта бұрын Қазақстанның қай аймақтары табиғи өртке дайын емес екендігі белгілі болған еді.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Төтенше жағдайлар  министрі Шыңғыс Әріновтың қатысуымен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша кеңес өткізді. Осы кеңесте бірнеше орман иелерінің өрт бола қалған жағдайда оған дайын емес екендігі анықталды. Оның ішінде 15 адамның өмірін қиған "Семей орманы" резерваты мен Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары бар.  

Бұл өңірлерде резевртің жоқтығы, орман өрт сөндіру  ғимараттарының авариялық жағдайы немесе мүлде болмауы, өрт сөндіру мұнараларының жетіспеушілігі, арнайы техниканың тозуы тіркелген. Әсіресе рация мен арнайы киім-кешектің жетіспеушілігі жиі анықталған. 

 

 

Серіктес жаңалықтары