×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жолда шұңқыр көрдіңіз бе? Телеграмм көмектеседі. Қалай?

24.04.2024, 00:30
Ашық дереккөзден

Алматы көшелерінен шұңқыр көрсеңіз Telegram арқылы шағымдануға болады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Арыз-шағым Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына қабылданады. 

“Алматыда мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар және оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады”,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Не істеу керек? 

Ол үшін @AlmatyJolybot чат-ботына жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаға мыналарды жіберу қажет: 

  • өтініш мәтіні; 
  • фото/жол бейнесінің ақауы; 
  • мекенжайы және нақты координаттары; 
  • байланыс деректері. 

Кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданады 

"Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram-арнасында жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз", – делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

  

Серіктес жаңалықтары