×
443.03
480.38
4.91
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.03
480.38
4.91

«Адам төзгісіз ғой ол»: Сотта Бишімбаев сенген көріпкелден жауап алынып жатыр

24.04.2024, 11:07
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін куәгер ретінде сотқа онлайн қосылған көріпкел жауап берді. Сотта ол "маған жан-жақтан қысым жасалып жатыр" деп бұқаралық ақпарат құралдарынсыз сөйлеуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Көріпкелдің жауабы

Көріпкел сотта бұқаралық ақпарат құралдарынсыз сөйлеуге өтініш білдірді. Өзіне қысым жасалып жатқанын айтқан. Прокурорлар бұл өтінішті қанағаттандыруды сұрады, бірақ жәбірленуші тарап айыптауды қолдамады. Судья куәгердің бет-әлпетін түсірмей және жеке деректерсіз жауап алған дұрыс деп шешті. БАҚ-қа залда, әйелді түсіруге тыйым салынды.

Көріпкел Бишімбаевты анасы арқылы танитынын, 1,5-2 жыл бұрын танысқанын айтады. Кейде Қуандық Бишімбаев өзіне хабарласатынын жеткізді. 

9 қараша күні Бишімбаев қоңырау шалған кезде көріпкел “неге жедел жәрдем шақырмайсың” деп айтқанын еске алады. 

– Адам төзгісіз ғой ол. Ол маған қоңырау шалды. “Мен не істей алам, жедел жәрдем шақыр, дәрігерге көрсет” дедім. Ол маған қайта-қайта қоңырау шала берді. Ақыры, телефонды алғанды қойдым. Ол жаза бастады.  «Оның қалы жақсы» деп жазыңызшы деп қоймай қойды. Мен сонда тынышталам деді. Мен соны айтып отырмын, – дейді ол. 

Көріпкел сол күні полицияға неге хабарламадыңыз деген сұраққа “хабарласпадым” деді. 

Көріпкел кейінгі үш күнде әртүрлі нөмірмен қоңырау шалып, белгісіз біреулер қорқытып жатқанын айтады. “Полицияға жүгінгелі отырмын” дейді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары