×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Мені соған жеткізді»: Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

24.04.2024, 16:23
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қуандық Бишімбаев тағы да сотта Салтанат Нүкенова өзін психологиялық тұрғыда азаптап, "болған жайтқа жеткізгенін" мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаев не дейді

– Сағат 21.30-дан таңғы 6-ға дейін қаншама қорлады. Сіздер де мені түсініңіздер, жұбайыңыз киіміңізді жұлып, випте жалаңаш жүреді, сізді мас күйінде балағаттайды, өзіңіз сыйлыған зергерлік бұйымдарды лақтырады. Мұның бәрі сыйға тартылған еді. Бұл адамға деген қалыпты көзқарас па? – деді айыпталушы Бишімбаев кезекті жауап алу кезінде.

Бишімбаев "бұл жағдайда тек одан кек алғысы келгенін, 6,5 сағат бойы психологиялық тұрғыда азапталғанын" айтады.

– Мені сондай жағдайға дейін жеткізді, – дейді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары