×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ресейдің Иркутск қаласында Ан-2 ұшағы құлады: борттағының барлығы қаза тапты

03.11.2021, 20:47
Фото: bbc.com

Ресейдің Иркутск қаласы түбінде Ан-2 ұшағы құлады. Оның бортында жеті адам болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

bbc.com-ның мәліметінше, Якутск-Иркутск бағытында ұшқан Ан-12 көлік ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Құтқарушылар ұшақтың жанып жатқанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ Мәскеу уақытымен 14:45-те радардан жоғалып кеткен. Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, Ан-12 ұшағымен байланыс оның экипажы айналып өту қажеттілігі туралы хабарлағаннан кейін үзілген.

«Борттағылардың барлығы қаза тапты», - дейді Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев.

Борт Беларусьтің «Гродно» әуе компаниясының иелігінде. Тасымалдаушы басшылығы зардап шеккен Ан-12 ұшағына қатысты ақпаратты тексеріп отырғанын мәлімдеді. Ұшақ азық-түлік тасымалдаған еді. Ұшақта екі Ресей азаматы, екі Украин азаматы, үш Беларусь азаматы болған.

Серіктес жаңалықтары