×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Процедураны әлі бастаған жоқпыз – вице-министр Назарбаев орденін алып тастау жайлы

25.04.2024, 17:46
© AP Photo / Alastair Grant

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты наградалар әлі де күшінде қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгінгі таңда тұңғыш президент ордені бар. Бұл орденді жою рәсімдері әлі басталған жоқ, - деді ол.

Бұл ретте Назарбаев орденінің күші жойыла ма деген сұраққа Аида Балаеваның орынбасары жауап беруге дайын емес екен. Сондай-ақ, ол Назарбаевтың есімімен байланысты мемлекеттік сыйақылар жоқ деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда барлығы 33 мемлекеттік сыйақы бар, бірақ олардың ешқайсысы әлі жойылмаған.

Мысалы, Ресей президенті Владимир Путин Назарбаев орденіне ие. 2019 жылы оны Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған. Сондай-ақ, мұндай орденді Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қырғызстанның бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков алды.

20 жыл бұрын Назарбаев орденімен Тоқаев та марапатталған. Экс-президент орденінің басқа иегерлері – Кәрім Мәсімов (сот үкімі бойынша барлық мемлекеттік наградалардан айырылған), Нұртай Әбікаев, Иманғали Тасмағамбетов, Даниал Ахметов.

Серіктес жаңалықтары