×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

4 облыста коронавирус жұқтырған оқушылар көбейіп кетті

04.11.2021, 08:12
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында оқушылардың коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1.4 есе өскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Әлемдік рейтинге сәйкес, 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында тұр. Өлім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр», - деді вице-министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Марат Шорановтың айтуынша, 2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары бар. «Жасыл» аймақтағы өңірлер – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

«Мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылардың арасында 15 028 жағдай тіркелді. Оның ішінде байланыста болған адамдар арасында 1317 науқас анықталды. Бұл – ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7 пайызы. Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттанушылық 1,3 есе төмендеді. Сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады», - деді Марат Шоранов.

Серіктес жаңалықтары