×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024, 16:19
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» синоптиктері 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Сондай-ақ екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Скандинавия аймақтарынан соққан антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін күрт төмендейді, 1-6 градус аяз болады, күндіз +5-13 градус жылы болады, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ ол ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, аяз 2 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал еткен суық ағындар біртіндеп республиканың оңтүстік аймақтарына ауысатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары