×
443.03
480.38
4.91
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.03
480.38
4.91

Сот Байжановқа адам өлтіру туралы хабарламау бабы бойынша істі қысқартты

02.05.2024, 10:45
Фото: Ulysmedia

Судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (кісі өлтіру туралы хабарламау) бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Қылмыс туралы хабарламау бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша іс жүргізу, - деп хабарлады судья.

Байжановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – қылмысты жасыру бойынша іс қаралатын болады.

Байжановтың өзі тағылған айып бойынша кінәсін мойындамайды.

Мен жасырумен келіспеймін, қылмысты жасырған жоқпын, - деді экс-министрдің туысы.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуірде прокурор Саяхат Нұрбеков айыптаушы тарап Байжановқа Қылмыстық кодекстің 434-бабы – «қылмыс туралы хабарламау» бойынша жартылай айып тағудан бас тартып, оған қатысты қылмыстық істі қарауды жалғастыру қажет деп санайтынын айтқан болатын. Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша – аса ауыр қылмысты «жасыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Байжановқа «жасыру» және «хабарламау» баптары бойынша да айып тағылған болатын.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары