×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

02.05.2024, 18:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан ІІМ-нің бұрынғы басшысы тергеу үшін қамауға алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура не дейді

– Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады. ҚР ҚПК - нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды, – деп БАҚ үшін ақпарат таратты құзырлы орган.

Экс-министрдің қамалуы

Бұған дейін құзырлы орган 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр.

– Биыл 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Осыдан екі ай бұрын Бас прокуратура тергеп-тексерулер шеңберінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынғанын хабарлаған еді. Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде ішкі істер министрі қызметін атқарған. Сол тұста құзырлы орган Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинағаны жөнінде ақпарат таратқан. 2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары