×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

"Екіжүзділік, адамдар бәрін көріп отыр": Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың анасы жайында

03.05.2024, 19:30
Коллаж Ulysmedia

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді өткен сот жарыссөздері туралы пікір білдірі деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бишімбаев Сөзі 

Процесстен кейін тілшілер Айтбектен Қуандық Бишімбаевтың жарыссөз кезінде айтқан сөздеріне қатысты ойын сұраған еді. 

"Мен тыңдамадым. Басында тыңдағанмын, бірақ сол баяғы әлденеше рет қайталаған сөздері екенін түсіндім. Одан да жүйкемді құртпай, құлаққаптан музыка қосып қойдым. Судья сөйлеп бастағанда барып әуенді өшірдім. Соттың оған бұл куәлік беретін сот емес, жарыссөз екенін айтып түсіндіріп жатырғанын білемін", - деді ол. 

Ал, Бишімбаевтың анасын Айтбек Амангелді мүлдем түсінбейтінін, оған тіпті сенбейтінін жеткізді. 

 "Алты ай бойы бір отбасыға күйе жағып, Салтанаттың “есі дұрыс емес болды” деп алып, енді екіжүзділікпен “рақмет” дегенде не деріңді білмейді екенсің. Тіпті айтып жеткізу мүмкін емес. 
Менің ойымша, адамдар бәрін көріп отыр ғой. Бүгін олар өтірік көз жасымен аяушылық туғызуға тырысты. Тіпті түске дейін осылай жылай үшін дайындалғанын да көрдік,-” деді Айтбек Амангелді.    

Сондай-ақ, одан "раушан хош иісі"бар оқиғаның жалғасы бола ма деп сұрады. 

  "Мен қазір ештеңе айтпаймын, алда көре жатарсыздар,” - деді Айтбек. 

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары