×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Алғысты сот үкімінен кейін айтасыздар – Салтанаттың ағасы Бишімбаевтарға жауап берді

04.05.2024, 11:39
Коллаж: ulysmedia.kz.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді айыпталушының анасы мен оның адвокаттары сөйлегеннен кейін сөз алды. Ол Бишімбаев тарапының сөздерін – отбасын мазақ ету деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айтбек Амангелді не дейді

– Анасы шамасы, бұл отбасылық дау деп шешсе керек. Салтанаттың сол күні мас болған-болмағанын жақсырақ білем деп санайды. Ол өзін заңнан, сарапшылардан және басқалардан жоғары санайды. Сөйлеген сөзінің арсыздығы таңғғалдырады, олар осы уақыт ішінде Салтанаттың абыройына тіл тигізіп, оның үстіне бізге алғыс айтып қояды. Алғыс айтудың қажеті жоқ, соттан кейін айта жатарсыздар, - деді Амангелді сенбідегі сотта.

Салтанаттың ағасы Байжановтың қорғаушыларының айтқанында логика жоқ деп есептейді.

– Байжановтың әйелі орыс тілін жақсы біледі. Орыс тілінде көп жарияланымдар жасады, менімен орыс тілінде сөйлесті, мұнда ол қазақ тілінде әдемі сөйлеп, қызы барын, әкелерінің балалары көрмегенін айтады. Менің ата-анам да қызын енді ешқашан көре алмайды, - деді ол.

Айтбек Амангелді Бишімбаев туралы бірдеңе айтудың өзі артық деп шешті.

– Байжанов айтқан бұл сөзді біреу жазып берген, ол сізге өкініп, бастан кешкендері жайлы мәтінді құрғақ оқып шықты. Мұның бәрі қарапайым, шынымды айтсам, мені және менің отбасымды қорлауға айналды, - деді ол.

Ол сондай-ақ сотты Бишімбаевтың адвокаттары жарыссөз барысында жіберген заңбұзушылықтарға жауап беруге шақырды.

– Құсайынова кеше ресейлік сараптама материалдарын көрсетті. Соттан оған қатысты қаулы шығаруды сұраймын. Ғазымжанов Салтанаттың денесінің суреттерін көпшілік алдында көрсетем деп шешім қабылдады. Бұл фотосуреттер интернетте тұр. Мұндай кадрлар соттан тыс қалмас үшін мен осы сот шеңберінде сұрағаным - осы суреттердің таралмауы еді. Менің ата-анам мұны барлық жаңалықтардан көрмесін дедңм. Ғазымжановтың "арқасында" тарап кетті, - деді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары