×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобус: Қазақстан тумасы көз жұмды

11.05.2024, 08:49
Фото: Dmitri Lovetsky

Ресейдегі Фонтанка.ру басылымы Санкт-Петербургте көпірден құлап, суға батқан автобустың ішінде Қазақстан азаматы болғанын жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көкшетау тумасы

Басылымның жазуынша, 28 жастағы Марина Ю. Көкшетау қаласының тумасы. Ол әйел әлеуметтік желіде блог жүргізіп, табиғи косметика заттарын сатумен айналысқан. Васильев аралындағы Косой жерінде тұрған.

Автобус апаты

10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап, жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол ұсталған.

Ресей тергеу комитетінің ресми мәліметінше, қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалған. Полиция сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 264-бабының 5-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу) істі тергеп жатыр. Көлік комитеті автобусқа иелік еткен компанияға кешенді тексеру жүргізбек.

Апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған. БАҚ-та олардың кейбіреулері өз бетінше жағаға шыққаны, тоғыз адамды құтқарушылардың алып шыққаны хабарланады.

Серіктес жаңалықтары