×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«15 жаста болдым»: Күйеуінен зәбір көрген әйел онымен қалай танысқанын айтты

13.05.2024, 14:01
«15 жаста болдым»: Күйеуінен зәбір көрген әйел онымен қалай танысқанын айтты
Фото: видеодан кадр

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштан қорлық көрдім деп мәлімдеген әйелі Карина Мамаш «Nukte» YouTube-арнасына сұхбат беріп, күйеуімен қалай танысқанын айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әке махаббатын іздеген едім...»

Онымен 15 жасымда «Мой мир» әлеуметтік желісінде танысқамын. Ол маған хат жазды. Менің жеке парақшамда туған жылым, жасым жазылып тұрса да мені 15 жастағы қыз емес, 18 жастағы бойжеткен деп ойлапты. Мен оған ғашық болдым. Ол екі рет келіп кездесіп, үшінші келгенде мені алып кетті. Әуел баста анам, әрине, шок алды. Бірақ дипломат екенін білгенде келісімін берді, - дейді ол.

Карина Мамаштың айтуынша,  ол өзінен бірнеше жасқа үлкен болған.

Полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім. Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын, - дейді ол.

«17 жасымда тұрмысқа шықтым»

Карина Мамаш күйеуі сөзімен, эмоциясымен қыр көрсеткенін айтты.

Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды. Маған «жат» деп қыр көрсетті. Оған 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Басында сөзбен, эмоциямен қыр көрсетті. Кейін ішіп, ұрып-соқты. Әрине, бақытты кзедеріміз де болды. Маған ән айтып беретін. Әсіресе, Брюссельдегі бақытты шақтарымыз есімде. Ұшақта бара жатқанда маған «енді ішпеймін, балаларымның өскенін көргім келеді» деген еді. Ол кезде үлкен ұлым екі айлық болған. Брюссельде жүріп, екінші балама аяғым ауыр болды, - дейді ол.

«Туыстарына миллиондап ақша аударатын»

Сұхбат барысында әйел Сәкен Мамаштың туған-туыстары күйеуінің есебінен күнкөретінін жеткізді.

Бүкіл туысы оның мойнында отырды. Ол отбасының, балаларының аузынан жырып, туыстарына миллиондап ақша аударатын. Мен оған туыстарыға ақша берме деп тыйым сала алмайтынмын.  Мен тырнағымды жөндету үшін ақша таба алмайтынмын, - деді ол.

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.