×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Астанада өміріме қауіп төнген жағдайда жүрдім — Бишімбаевты жақтаған ресейлік блогер

15.05.2024, 08:47
Коллаж Ulysmedia

Ресейлік блогер Наталья Грейс Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жайлы пікірін айтты. Ол процес кезінде сотталушының әке-шешесінен сұхбат алып, сотқа қатысып, видеоматериал жариялаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Грейс Астанада өз өмірін қатерге тіккенін айтады.

- Мен кейде оттвң ортасында, үмітсіз жағдайда жүрем. Сізден қандай да бір материал табу үшін өз өмірімді қатерге тігем. Осы сұхбатты көрсету үшін мен мысалы Астанада өз өмірімді қатерге тіктім. Осыдан кейін сіздер хейтерлерге қалай қосыласыздар? Осыншама қайырымсыз болуға бола ма? - дейді ол.

Сондай-ақ, ол өзіне қоқан-лоққы жасалғанын мәлім етеді. 

"Салтанат Заңы" қабылдануы керек. Бірақ бұл Қуандықтың анасы, оның балалары мен туыстарын күл-парша қылып, кір жағып, қорлау керек дегенді білдірмейді. Заңға сәйкес қатаң әрекет ету керек. Өркениетті қоғамда қалай әрекет етсе, солай әрекет ету керек. Әйтпесе, бұл адамдар Бишімбаевтан қалай ерекшеленеді? Олар одан да жаман", - деді ол.

Еске сала кетейік, Грейс Бишімбаев ісі бойынша соттардың біріне қатысып, экс-министрдің ата-анасынаемсұхбат алған болатын.

13 мамырда Бишімбаевқа Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары