×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

ҰҚК мен Ресейдегі елшілікте жұмыс істеген: «Қазақстан инжиниринг» компаниясына жаңа басшы келді

15.05.2024, 15:08
ашық дереккөзден

Директорлар кеңесінің 14 мамырдағы шешімімен "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымына Талғат Тұрлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Талғат Тұрлыбаев 1984-1985 жылдары Семейдегі Рубцовск машина жасау зауытының Семей филиалында лесарь-жөндеуші болған. 1990-1996 жылдары ҚР МҚК-ҰҚК Семей қаласында аға жедел уәкіл болған.

  • 1996-2002 жылдары директордың орынбасары, «Қазақстанның Халық Банкі» ААҚ-ң Семей филиалы Семей қаласы;
  • 2002-2005 жылдары ҚР ҚМ «Броньдалған танк жөндеу зауыты» РМК Бас директоры, «Семей инжиниринг» АҚ Семей қаласы;
  • 2005-2008 жылдары атқарушы директор, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Астана қаласы;
  • 2008-2008 жылдары коммерциялық ұйымда бас директор Астана қаласы;
  • 2009-2011 жылдары бас директор, ҚР ҚМ «Қазарнайыэкспорт» РМК Алматы-Астана қалалары;
  • 2011-2013 жылдары бірінші хатшы (Істерді басқарушы), ҚР РФ Елшілігі Мәскеу қаласы;
  • 2014-2017 жылдары басқару төрағасының орынбасары «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Астана қаласы;
  • 03.2017-06.2017 жылдары президент, «Әскери-стратегиялық зерттеу орталығы» АҚ Астана қаласы;
  • 06.2017 жылы «Семей инжиниринг» АҚ бас директоры, Семей қаласы.

2003 жылы құрылған "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен айналысады.

 

Серіктес жаңалықтары