×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

ҰБТ: мектеп түлектері грантта оқу үшін қанша бал алуы керек

16.05.2024, 13:18
Фото: Ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл мектеп бітіретін оқушыларға үндеу жариялап, ұлттық бірыңғай тестілеуден грант алу үшін қанша бал жинау керектігін әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді

Саясат Нұрбек мектеп бітіретін оқушылар грантқа түсу үшін шекті бал қанша болатынын айтты.

– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 бал, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 бал, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 бал (ұлттық жоо үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 бал, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 бал жинау керектігін еске салды, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланған. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

– Осы аптада еліміздің батыс өңірінде талапкерлер үшін ең ауқымды көрме өткендігіне куәсіздер. Ол үшін Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жол карталарын бекіттік», - дейді Саясат Нұрбек.

Қандай бағыттар көбейеді

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған. 

2024-2025 оқу жылына  аталмыш облыс талапкерлері үшін 3 200 грант бөлінген. Негізгі жаңашыл басымдықтары педагогикалық, өнер және гуманитарлық, IT, әлеуметтік, экономикалық, құқық, инженерлік сынды дайындық бағыттарының тізбесі кеңейтілген. Сонымен қатар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша колледж түлектеріне гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылған. Осылайша, Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 40-тан астам жетекші жоғары оқу орындарында білім ала алады. 

Серіктес жаңалықтары