×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Майқайыңдағы апат: Автобусты іздеу жұмыстары жалғасады

20.05.2024, 19:45
Әлеуметтік желіден

Компания ол үшін дайындық дайындық жұмыстары басталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Іздеу қайта жалғасады

Павлодар облысында шұңқырға құлап кеткен автобусты іздеу жұмыстары қайта жалғасады.  

"Майқайыңалтын" АҚ іздеуді қайта бастау үшін дайындық жұмыстарының басталғанын атап өтті. Енді әр түрлі техниканың көмегімен олар әрі қарай іздеу жұмыстары үшін шұңқырдың айналасын бекітіп жатыр.  

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

Амангелді Тілеубергеновтың айтуынша, қазір «Майқайың» комбинаты “кінәсізбіз” деп, жұмыс беруші компанияны «100 пайыз кінәлі осылар» деп сотқа беріп жатқан көірнеді. Ішінде “жүргізуші де кінәлі” деп те жазып қойғанын айтқан еді.

  

Серіктес жаңалықтары