×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Спа-салонда әкімші қызды соққыға жыққан Тәжікстан азаматы ұсталды

24.05.2024, 22:55
Әлеуметтік желіден

Алматыда спа-салонға баса-көктеп кіріп, әкімші қызды соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Енгезердей еркек қарама-қарсы тұрған дәмханалардың бірінен спа-салонға келіп, сыра құйып беруін сұрапты. «Алкоголь сатпаймыз» деген арудың жауабына ашуланып, қолына түскен затты қызметкерге лақтырған. 

“Сіңлімнен арақ сұраған. Арақ немесе сыра деген. Сіңлім «бұл жерде алкоголь сатылмайды, шығыңыз» деген. Ол ақша ұсынып, «сен жеңіл жүрісті қызға ұқсайсың, мен сені алып кетейін осы жерде күтемін» деп айтқан. Сосын сіңілім «бұл жерден шығыңыз» деп айтқан кезде, ол аузына келгенін айтып боқтаған. Басынан ұрып, шашынан тартып сүйреген,” - , жәбірленушінің әпкесі Дана Әлімсейітова.  

Спа-салонның 25 жастағы қызметкері басынан оңбай соққы алған. Алған жарақаты жүйке жүйесіне де әсер етіпті. Оқиға түңгі сағат 12 шамасында болыпты. Спа-салонда отырған клиенттер дер кезінде полиция шақырып үлгерген. Ер адам қазір қамауда. Тергеу кезінде оның Тәжікстан азаматы екені анықталған.

“Шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр. Әйелді жарақаттаған ер адам қамауға алынды. Ол Тәжікстан Республикасының азаматы. Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы полициясы мұндай қоғамға жат әрекетке жол берілмейтінін және қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді,” - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Нұрлан Нұрқасымов. 

Полиция сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін құқықтық баға берілетінін хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары