×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Абайлаңыз: WhatsApp-тан келетін қауіп

25.05.2024, 11:05
Абайлаңыз: WhatsApp-тан келетін қауіп
Ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды WhatsApp мессенджерінен келетін қауіптен сақтануға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі қылмыстық схема туралы айтып берді.

«Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз», – деп ескертеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін

Азаматтарға бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловтан хат келгенін жазған едік.

“Сәлеметсіз бе? Қолыңыз бос па?” Бүгіндікке бірнеше азамат мессенджерден осындай хат алған.Әрмен қарай ол өзін “Әлихан Смайыловпын” деп таныстырады. 

Бұл туралы Смайылов басшылық ететін Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді. Олар мұндай хаттардың жалған екенін хабарлап, сенбеуге шақырды.