×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтардағы азаптаулар: ҚР ІІМ Рузахуновтан кешірім сұрамайтын болды

28.05.2024, 20:25
Қаңтардағы азаптаулар: ҚР ІІМ Рузахуновтан кешірім сұрамайтын болды
Коллаж Ulysmedia

ҚР Жоғарғы Соты қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың шағымын қанағаттандырудан бас тартты, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кешірім керек

Музыкант соттың 2023 жылғы шешімін қайта қарауға және ҚР ІІМ-ге ол туралы жалған мәліметтерді теріске шығару жөніндегі міндеттерді жүктеуге, сондай-ақ Qazaqstan телеарнасы арқылы көпшілік алдында өзінен кешірім сұратуға тырысқан.  

22 мамырда Жоғарғы Сот Викрам Рузахуновтың сот ісін бойынша шешімді сол күйінде қалдырды. Яғни ҚР ІІМ қырғыз музыкантынан кешірім сұрамайды.  

Бұған дейін

Рузахунов "Qazaqstan" телеарнасы мен ҚР ІІМ әлі күнге дейін музыканттың "кінәсін мойындаған" сәті таспаланған видеоның тарауына қатысымыз жоқ деп мәлімдеп келеді деген еді.  

"Түсірілім кезінде маған қалай жауап беру керегін айтқан адамның, дайын мәтінін жаттауға мәжбүр болған автордың (90 мың теңгеге митингке қатысу туралы) болғанын  растайтын сараптамалар жүргізілді. Шынында да, менің айғақтарым бойынша, ол түсірілімкезінде болған, бірақ мен бетпе-бет кездескен барлық қатысы бар адамдар бұл фактіні жасырды, ондай адамның болмағанын немесе естерінде қалмағанын айтты", - деді ол.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астана қаласының Алматы аудандық соты қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың Қазақстан ІІМ атына берген ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Қырғызстандықтың адвокаттары ҚР ІІМ-нен Рузахуновтың алматылық полицейлер қысымымен айтылған айғақтарын, яғни Қазақстанға 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысу үшін келгені жөніндегі жауаптарын дұрыс емес деп тануды және музыканттан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткен еді.

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстандағы жаппай наразылық кезінде Қырғызтан азаматын қазақстандық қауіпсіздік күштері ұстап алып, аяусыз ұрып, мемлекеттік телеарналар арқылы көрсеткен еді. Қырғызстандықтар оның танымал музыкант Викрам Рузахунов екенін танып қойған. Ол сол тұста Алматыға концертке келген. Бішкек осы оқиға бойынша Астанаға ресми нота жолдады. Резонанс аясында қазақстандық билік музыкантты босатқан. Отанына оралғаннан кейін ол азапталғанын және өзін айыпты ретінде көрсетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.