×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Астанада оқушы суға батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

29.05.2024, 19:29
Фото: Астана әкімдігінің сайты

Астанада 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Әкімдік мәліметінше, №52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалған.

12 мамырда сағат 11.00 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтқн. Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алған.

Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған, сол сияқты «Аршалы Барысы» турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады, - делінген хабарламада.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты.

Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы Білім басқармасы мен ТЖД атынан марапатталды.

Серіктес жаңалықтары