×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Мал баға шығып, оралмаған: Ақмолада қойшы бір аптадан бері табылмай жатыр

29.05.2024, 23:35
фото: 7-su.kz

Ақмола полицейлері жұмбақ жоғалып кеткен қойшыны іздеуде көмек сұрайды. 57 жастағы ер адам соңғы уақытта шалғайдағы Жарқайың ауданында еңбек еткен. Бір апта бұрын ол кенеттен жоғалып кеткен, деп Ulysmedia.kz

Шаруашылыққа жұмысқа орналасқан

Дәулетбай Кәкеш жоғалар алдында бірнеше апта бұрын шаруашылыққа жұмысқа орналасқан. Бұған дейін ер адам отбасымен бірге Астанада тұрған. 

22 мамырда шаруа қожалығының қызметкерлері қойшысын таба алмай қалған. Ол жайылымда да, өзі тұрған вагонда да жоқ болған. Алдымен олар өз күштерімен іздеуге тырысқан, ал төрт күннен кейін кәсіпорын басшысы полицейлерден көмек сұрапты. Жоғалған малшыны іздеуге 50 адам шыққан.Қатарында полиция қызметкерлері, ТЖД құтқарушылары және еріктілер бар. 

"Өтінішті алғаннан кейін бірден полицейлер кең ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Арнайы іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін қызметтік техника, моторлы қайықтар бөлінді, дрон арқылы әуеден де қарадық,"- дейді құтқарушылар. 

Полицейлер жұмбақ жағдайда жоғалған азаматты табуға халықтан көмек.

Серіктес жаңалықтары