×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Маңғыстау облысына көшетін қандастар саны азайып, солтүстікке көшетіндер көбейе бастады

31.05.2024, 15:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкімет этникалық қазақтарды қайтаруісі жөнінде соңғы мәліметтерді келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Саясат қайта қаралды

Үкімет қандастарды қабылдау саясатын қайта қаралғанын хабарлайды. Атап айтқанда, бүгін де қандастарды мынадай негіздер бойынша орналастыру мақсаты айқындалған:

  • отбасымен (ҚР кез келген өңірінде) қауышу үшін;
  • демографиялық дамуға мұқтаж жергілікті атқарушы органдардың шақыруы бойынша
  • жұмыс берушінің шақыруы бойынша (ҚР кез келген өңірінде) жұмысқа орналасу үшін
  • оқу мақсатында
  • тұрақты тұру үшін (бейімдеу және интеграциялау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтерді ұсына отырып, Үкімет белгілеген өңірлерге). 

Қандастарды қоныстандырудың жаңа тетігі енгізілген сәттен бастап  2023 жылғы тамыздан бері 5801 адам отбасымен қауышқан (61 %). 354 адам жергілікті атқарушы органдардың немесе жұмыс берушілердің шақыруы бойынша жұмысқа орналасты (4 %). 117 адам жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті (1 %). 2615 адам Үкімет белгілеген аймақтарға қоныстанды (27 %); моноқалаларда 607 адам тұрады (6 %). 2023 жылдың тамыз айынан бастап барлығы - 9494 иммигрант бар.

Қандастар қай өңірлерге көшіп жатыр

Жыл басынан бері елге 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ келді, оның 1,4 мыңы қоныстану аймақтарына орналастырылды (32,5 %). Солтүстік өңірлер жыл сайын қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді (6 өңірде – СҚО, ШҚО, Ақмола, Қостанай, Абай, Павлодар обл.). Биыл квота бойынша 9,5 мың адам көлемінде, оның ішінде – 2,4 мың қандас, белгіленді.   

– Егер 2023 жылғы 1 сәуірге Абай облысына 53 адам келсе, биылғы жылдың осы кезеңінде 69 қандас келді. Ақмола облысында 185-тен 579 адамға дейін, Қостанай облысында 56-дан 188 адамға дейін, Павлодар облысында 231-ден 309 адамға дейін өсті, бұдан басқа, 2023 жылмен салыстырғанда Маңғыстау облысына келетін қандастар саны азайды, өткен жылы 1 мамырға 845 адам келді, биыл – 216 адам, – делінген үкімет басшысының депутаттарға берген жауабында.

Қоныс аударушылар мен қандастарға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: көшу үшін субсидиялар (отбасы иесіне және әрбір мүшесіне 258 мың теңге), тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге (жыл ішінде айына 55 мың теңгеден 111 мың теңгеге дейін), тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты (ең жоғары сома – 4 283 мың теңге) беріледі.  

Серіктес жаңалықтары