×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

"Крокус Сити Холлда" қанша адам жәбірленуші деп танылды

01.06.2024, 19:21
Коллаж Ulysmedia

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлға" террорлық шабуыл іс эі бойынша 1700-ден астам адам жәбірленуші деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәскеудегі Басман аудандық сотының қаулысына сәйкес, істің төрт қатысушысы — Аминчон, Диловар және Исроил Исломов, сондай-ақ Әлішер Қасымовты тұтқындау мерзімі ұзартылды.

Тергеу органдары оларды лаңкестік шабуылға қатысушыларға көмектесті деп есептейді. Тергеу аясында 800-ден астам куәгерден жауап алынды. Істе 20 айыпталушы бар: олардың 18-і қамауда, ал екеуі ешқайд кетпеу жөнінде қолхатпен жүр. Барлық айыпталушылардан қылмыстың мән-жайы бойынша бірнеше рет жауап алынды, делінген сот шешімінде.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары