×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Педофилияны ашық көрсетіп жатыр»: Журналист ASTANA телеарнасын қатаң сынға алды

«Педофилияны ашық көрсетіп жатыр»: Журналист ASTANA телеарнасын қатаң сынға алды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналист Кәмшат Тасболат әлеуметтік желідегі парақшасында ASTANA телеарнасы эфирден педофилияны ашық көрсететін, бала құқығын бұзатын өнім беріп жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Отандық арнаның қоқыс жәшігіне айналғанын білмеппіз»

Оның жазуынша, бұл – министрлік, түрлі ұйымдармен қатар депутаттар да назар аударатын дүние.

Масқара! Astana арнасында бала құқын бұзатын, педофилияны ашық көрсететін «Қорғаушы ханым» атты үнді сериалы боп жатыр! Шыны керек, отандық арнаның мұншалықты қоқыс жәшігіне айналғанын білмеппіз. Ақпарат министрлігі, Бала құқын қорғайтын ұйымдар, омбудсмен, Президент жанындағы әйелдер мәселесімен айналысатын комиссия, депутаттар назар аударатын дүние, - дейді Кәмшат Тасболат.

Оқи отырыңыз: Бос орын: «Balapan-ды неге тек әйелдер басқарған»

Журналист салық төлеушілердің есебінен күн көріп отырған арналардың контент үшін жауап беруін талап етті.

«Әр сериалды сараптан өткізу керек»

Сериалға келсек, шамамен 9-10 жасар қыз (бойы ересектердің белінен келеді) төсекте неке түнін күтіп жатыр. Күйеуі 18-20 жастан асқан еркек. Одан сорақысы, бөлмеге 50-60-тағы шал кіріп кетіп, кішкентай баланы аяғынан сипалап, аймалай бастайды. Шыны керек, адамның жүйке жүйесіне, психикасына кері әсер ететін видео. Осыдан кейін елімізде педофилия қылмысы неге көбейді деп несіне таң қаламыз, егер мемлекеттік арнадан мынандай азғындық ашықтан-ашық көрсетіліп жатса?! Адамның жүрегін айнытатын, аздыратын мына сериалды эфирден алып тастау керек! Бұрынғыдай әр сериалды сараптан өткізу керек. Салық төлеушілердің есебінен күнін көріп отырған арналар контент үшін жауап берсін! – деді ол.

«Сериал – жабайы салт-дәстүрге қарсы»

ASTANA телеарнасы шу тудырған «Қорғаушы ханым» атты үнді сериалына қатысты жауап беріп, телехикаяны тамашалауға кеңес берді.

«Қорғаушы ханым» балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды насихаттайтын телехикая. Үнді халқының ортағасырлық жабайы салт-дәстүріне қарсы бағытталған. Басты кейіпкер халқының осындай кереғар дәстүріне қарсы шығады. Есейе келе адвокат мамандығын алып, балалар мен әйелдердің құқығын қорғайды. Телехикая әйел теңдігі, адал махаббат және қорғаушы (адвокат) қызметі туралы.

Телехикая телеарнаның коммерциялық табыстан түстен жеке қаражатына сатып алынған және аударылған.

Бүгіннен бастап телехикаядағы сюжет желісі бойынша басты кейіпкер бой жетіп, адвокат ретінде қызмет көрсете бастайтын бөлімдері көрсетіледі. Телехикаяны тамашалауға шақырамыз! – деп жазды телеарна.

Еске сала кетейік, ASTANA телеарнасы – AMANAT партиясы NUR MEDIA медиахолдингінің құрамында.