×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Сот журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды

06.06.2024, 13:50
Сот журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды

Алматы қаласының соты ProTenge жобасының авторы, журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымын қарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оның Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын «жалған ақпарат» деп тауып, айыппұл салған.

Еске салсақ, 13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge телеграм-арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын «жалған ақпарат» деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салған.

Оқи отырыңыз: Журналистер жапа шеккен жыл. Қазақстанда баспасөз еркіндігі кімге қолайсыз?

ProTenge – тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар барысында жасалған күмәнді іс-әрекеттерді әшкерелейтін зерттеу материалдарымен танылған жоба. Жәмила Маричева – осы жобаның негізін қалаған әрі бас редакторы.

Бұған дейін ProTenge журналистері әлеуметтік желілерінің кибершабуылдарға ұшырағанын мәлімдеген болатын.