×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

Полиция әскерден жалтарған жастарды алып кетуге құқылы — Қорғаныс министрлігі

08.06.2024, 14:56
Скриншот

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери комиссариатқа әмәжбүрлі түрде әкету әрекеттеріне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік не дейді

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар таратылып жатыр.

– Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті. Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері байқалады. Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді, – дейді министрліктің өкілі.

Заң талабы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі.

- Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы, – дейді ведомство.

Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде  анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық комиссиядан өтуге және шақыру шеңберіндегі басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Әлеуметтік желіде бұған дейін жас жігіттердің полиция қызметкерлерімен дауласқан видеосы тарап жүр. Астанада болған дауға тәртіп сақшыларының жастарды әскери комиссариатқа жеткізбек болған әрекеті себеп болған. Алайда жиналған жастар бұған келіскісі келмеген.

Серіктес жаңалықтары