×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Аймағамбетов қатаң сынаған Денсаулық сақтау министрлігі даулы бұйрыққа түсініктеме берді

08.06.2024, 18:25
Коллаж Ulysmedia

Денсаулық сақтау министрлігі депутат Асхат Аймағамбетовтың сынына жауап ретінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің жауабы 

Жауабында ведомство Денсаулық сақтау министрлігі биыл медициналық ұйымдарда онкологиялық пациенттерге медициналық көмек көрсетуге талдау жүргізгенін хабарлайды. Іріктеп тексерілген алты ұйымда медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен қағидаларының көптеген заңбұзушылықтары, сондай-ақ 18 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.

– 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің онкология орталықтары алған пайданың жалпы сомасы 31,8 млрд теңгеден асты. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф белгілеу туралы бұйрыққа сәйкес тарифтер пайда алуды, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды көздемейді. Пайда алу үшін емдеуге жатқызу жағдайларын жасанды түрде бөлшектеу фактілері, есептен шығарылған және тағайындалған химиялық препараттардың сәйкес келмеуі, ұсынылған жағдайлардың емдеу стандарттарына сәйкес келмеуі және тарифтердің нақты шығындардан асып кетуі анықталды, – делінген жауапта.

Министрлік сонымен қатар, қолданыстағы тарифтер мен төлем әдістері мемлекеттің ақшалай қаражатының медициналық ұйымдардың шоттарына заңсыз ағынына ықпал еткенін атап өтеді. Анықталған заңбұзушылықтардың нәтижесі бойынша 6 бірінші басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның 2-уі атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынылған. Тексеру материалдары құқықтық бағалау үшін құзыретті органдарға берілмек. 

– Қазіргі уақытта әрбір мемлекеттік теңге барынша тиімді пайдаланылуы және барлық қаражат медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге жетуі үшін нақты қадамдар жасалуда. Бюджет қаражатын орынсыз пайдалануға жол бермеу үшін шұғыл шара ретінде Денсаулық сақтау министрлігі алқа отырысы барысында онкологиялық қызметтің клиникалық-шығынды топтары бойынша базалық мөлшерлемені 20%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, тарифтерді неғұрлым нақты оңтайландырумен осы ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу тетігін қайта қарау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаражаттың пайдаланылуын бақылау күшейтілді, – делінген жауапта.

Медициналық ұйымдардың қаржылық қызметіне тұрақты мониторинг және аудит жүйесі енгізілген. Министрлік бюджет қаражатын орынсыз пайдалану жағдайларын жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік береді деп есептейді.

Аймағамбетовтың сыны

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды емдеуге бөлініп келген бюджет қаражатын қысқарту жөнінде шешім қабылдағанын бүгін депутат Асхат Аймағамбетов жазған еді. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығын жариялады. Құжатта қаржыландыру орта есеппен 20% қысқарады делінген. Мәжілісмен бұл шешімді сынға алып, оның "кулуарлық" сипаты барын әрі талқылаусыз қабылданғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары