Қазақстан мен Ресей ірі қалалар арасындағы әуе рейстерінің санын көбейтуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасында әуе рейстерінің саны артады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Виталий Савельевтің кездесуі кезінде белгілі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан-Ресей шекаралас автомобиль өткізу пункттерінің жұмысын бірлесіп тексеруге келісті.
Айта кетейік, Ресей екі жылдан астам уақыт бойы Украинадағы әскери іс-қимылдарын жалғастырып келеді. 2022 жылдың ақпанынан бастап Еуропа елдері мен АҚШ Ресей Федерациясына рекордтық санкциялар салды.